Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ер адамды 5 жігіт жабылып соққыға жыққан

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2021
  • 1769

Павлодарда ер адамды 5 бірдей жігіт жабылып соққыға жыққан. Осының салдарынан 28 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны ауруханаға түсті. Бұзақылар оған түрлі дене жарақатын салған. Келеңсіздік түнгі уақытта болған. Өзара сөзге келіспей қалған, арты жанжалға ұласқан. Жәбірленуші полицияға өзін ұрып соққан жігіттерді танымайтынын айтқан. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілер қолға түсті. Олар 18 бен 29 жас аралағындағы қала тұрғындары болып шықты.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 293-бабы бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.


Ал дәрігерлер науқастың жағдайы қалыпты –деп отыр.  Өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екендігін айтады. Биыл Павлодар облысының аумағында бұзақылық бойынша 24 қылмыс тіркелді. Ал ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1000-нан астам адам жауапгершілікке тартылған.

Ө. Қуанар