Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы университеттен шу шықты

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2021
  • 2897

Тараздағы университеттен шу шықты. Қарамағындағылар жаңа басшы келгелі берекеміз кетті деп отыр. Айтуларынша ректор мен проректордың текетіресінен бүтін бір бөлімді жауып тастамақшы. Жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдағандар, білім және ғылым министрлігінен көмек сұрайды. Екі түйенің арасында қалғандардың жанайқайын аймақтағы әріптесім жеткізеді.

Бүтін бір бөлім таратылады дегенді естігелі, Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қызметкерлерінен маза қашқан. Тәрбие ісі жөніндегі бөлімде 14 маман жұмыс істейді.  


БЛИЦ:
- Бүгін азанымен жұмысқа келгенде естідік. Біздің бөлімді тарқатып жібереді. Бұл жерде жеке бас қудалаушылығы бар шығар. Ол үшін біздің бөлімнің қызметкерлері зардап шекпеу керек деп ойлаймын.

- 6 бала-шағаның анасымын. Енді мені басқа жаққа қосса қандай, қай жерге барамын, ол жерде мені қабылдай ма басшылық.

- Азаннан кешке дейін барлығымыз да енді семияның қамымен жүреміз ғой, бала-шағаны асырау үшін деген сияқты зарплатамызды көтеріп берсін. Даже степендия ол 74 мың айлықтан жоғары шығар деп ойлаймын.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор, қарамағындағылардың сөзін қоштай кетті. Ол жоғарғы оқу орнына жақында ғана келген ректордың жұмысын сынға алды. Айтуынша жаңа басшы университетке өз таныстарын әкеліп, енді менің орныма көз тігіп отыр деді. Осы үшін де сотқа арыз түсіріп қойған.

Альмара НАУРЫЗБЕКОВА, ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:


Мүмкін ректор мені бұл қызметтен көргісі келмейтін шығар. Әлде менің орныма жоспарлары болуы мүмкін. Келгелі көп қызметкерлерді орнынан алып тастады. Бас есепші, шаруашылық жөніндегі орынбасары, бірнеше декандар кетті. Бұрын соңды болмаған аппарат жетекшісі деген штат ашып, ол лауазымға жақын жолдасын курстасын отырғызып қойды.

Ректор Талғат Ешенқұловтың университетке басшы болып келгеніне 3 жарым ай болған. Бұл дауға қатысты ол өз пікірін білдіріп, тігісін жатқызды. Тәрбие ісі жөніндегі бөлім жабылмайды, керісінше дамыту керекпіз деп ақталды. Ал орынбасарымның ізіме түсті деген шағымы мен таныстарын жұмысқа әкеп жатыр дегені жалған деп отыр.

Талғат ЕШЕНҚҰЛОВ, ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы кісіге менде бүгінгі таңда жеке басымның ешқандай араздығым жоқ. Ол кісімен ешқандай дау-дамай туындаған емес. Осы уақытта біздің университеттің құрамында маған туыстық қатысы бар ешқандай кісі тағайындалған жоқ. Мен жалған деп айталамын.

Ректор мәселенің неге ушығып кеткенін түсіндіре алмады. Бірақ қызметкерлеріне жалақы көтерілмейтінін нақтылады. Бүгінгі күні мұнда 18 мың студент білім алады. Мыңнан аса ұстаз қызмет етеді. Одан бөлек 800-ге жуық өзге қызметкері бар.

Б. Жұмабай