Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2021
  • 1675

Атырауда нан қымбаттады. Бұған дейін 100 теңгеден сатылған ас атасы жеке дүкендерде 110, кей жерлерде 115 теңгеден саудалануда. Аймақ тұрғындары күнделікті тұтынатын азықтың қымбаттауы   қалтаны қағатынына наразы. Әкімдіктегі жауаптылар баға тағы да көтерілу мүмкін,- дейді.

Жалғызбасты, жұмыссыз ана Галина Ермекшова, екі баласына Үкіметтен берілетін көмек ақшаға күнелтіп жүр. Соңғы кезде ақшасын жеткізе алмай әлек. Үнемдеуден басқа амалым қалмады,- дейді.

Галина ЕРМЕКШОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін 5 теңге, ертең 10 теңге. Баға қайда барады білмеймін. Біздің үйдің маңындағы дүкенде 105 теңгеден сатылып жатыр. Үнемдеп үйренгенмін, қазір қонаққа бармаймын. Қонақ шақырмаймын.  

Асылбек ҚОРҒАНБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздер көп семьялымыз. Күніне 4 қалаш нандай кетеді. Қымбат енді. Арасында үйден пісіреміз. Көбіне дүкеннен аламыз. Қалтаға тиіп тұр ғой оның бәрі.


Нан үйден пісіргеннен де пайда шамалы көрінеді. Ұнның да бағасы шарықтап кеткен.

Сәнім ИМАНҒАЛИЕВА, САТУШЫ:

25 кг жоғары сортымыз 5 100 теңге. Оған дейін 4620 болды. 480 теңгеге өсіп тұр. Реніш бар. Бірақ халық алып жатыр.

Қазір аймақта 16 наубайхана жұмыс істейді. Оның 10-ы қалада. Наубайханашылар шығынымыз тым көбейіп, жабылудың аз-ақ алдында тұрғандықтан бағаны көтердік ,- деп отыр.  

Айбар ШЫНДЫБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:


Ұн қымбатсып кетті, шемешкі май қымбат, секер қымбат  қосалқы бөлшектер қымбат. ГСМ қымбат. Олай етпесек қосалқы бөлшектерді жаба алмаймыз. Пешіміз тоқтайды. Жұмысшыларға жалақы бере алмаймыз.

Жергілікті қорда арзан ұн жоқ. Мұны әкімдік өкілдері растады. Былтыр меморандум негізінде алынған 10 мың тонна бидай таусылған. Биыл ұн бағасы Қостанайдан қымбат келгенін жеткізді.  

Аманкелді САЛАМАТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Нан бағасының өзіндің құнының артуына байланысты көтеруге мәжбүр болып отыр. Бірақ қазір біздің шекті бағадан асп отырған жоқ.


Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы нан бағасы алда тағы өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Айтуынша, жақын күндері «Азық-түлік» корпорациясы арқылы  тағы да бидай келеді.  Бірақ оның қанша уақытқа жететіні белгісіз.

Б. Надірқызы