Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада 30 отбасының балаларына балабақшаға тегін жолдама берілді

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2021
  • 1102

Елордада 30 отбасының балаларына балабақшаға бару үшін тегін жолдама берілді. Игілікті бастама  "Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" акциясы аясында  үздіксіз білім беру қауымдастығының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Көпбалалы және жалғызбасты аналар үшін бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы тамаша сый болды.

Айғанша ҚАЛКӨЗОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жақында жұмысқа тұрғам. Әрине кішкентайымды қалдыратын адам болмады. Үлкендерім мектепте оқиды. Кейде кеп арасында жүгіріп келіп қарап кетем.  Сыртынан жауып кетем кейде. Мен үшін өте қуанышты жағдай болып тұр. Естігенімде қатты қуандым.


Ерлан БЕКМУРЗАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әрі қарай осындай қайырымдылық шараларды жалғастыратын боламыз. Сондықтан "Қазақстандық үздіксіз білім беру" қауымдастығына, осы ұйымдастырушылардың барлығына алғысымды айтамыз.

Б. Сатуов