Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік зейнеткер немересін сотқа берді

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2021
  • 1626

Ақтөбелік қария өзіне тиісті күтім жасамағаны үшін туған немересін сотқа берді. Зейнеткер алдында немересімен өзін өмір бойы асырау туралы шарт жасаған көрінеді. Ал, өтеміне үйінің жартысын берген. Алайда, жігіт келісім-шартта көрсетілген міндеттерді  орындамаған. Яғни, атасын азық-түлікпен, киіммен, дәрі-дәрмекпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етпеген. Тіпті зейнеткерді ас үйге шығарып жіберген. Үнемі балағаттайтын болған. Туған немересінен әбден зәбір көрген қарияның денсаулығы сыр беріп, күйзелістен көру қабілеті нашарлаған. Бұған шыдамаған ол Ақтөбе қалалық №3 сотқа шағымданып, өмір бойы асырау туралы шартты бұздырды. Сот процесі кезінде немересі атасын бақпағанын мойындаған.

 Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 
Анықталған мән-жайларға, куәлардың айғақтарына баға беріп, күтімге мұқтаж болған талап қоюшының жасы мен денсаулығының жай-күйін назарға алып, сот жауапкердің шартты елеулі түрде бұзғаны туралы қорытындыға келді. Сотттың шешімімен талап қоюшының талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Өмір бойы асырауда ұстау шарты бұзылды. Сот шешімі күшіне енді, аппеляциялық тәртіпппен шағым келтірілмеді.


Г. Сейтенова