Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде жыл басынан бері 434 адам жоғалған

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2021
  • 2551

Тобыл өңірінде екі  ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды. Туыстарының айтуынша, марқұм кісі қолынан қаза тапқан. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы өңірде жастардың  жоғалу жағдайы жиілеп тұр.  Жыл басынан бері   434 адам із-түзсіз кеткен. Толығырақ тілшіміз  Заңғар Санай айтады.

18 жастағы Ғалиасқар  Сейітжановты  іздестіру жасағы 54 күн   іздеген.  Туған-туыстары мен достары да атсалысты. Өкінішке қарай іздеуші топ бозбаланың мәйітін ғана тапты. Марқұмның жақындары оған біреу қастандық жасады деп зар жылап отыр. Алайда полицияның дерегі басқаша.

Тілеуберді НҰРАХМЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

2021 жылдың 7 қарашасында Базовая көшесінің маңында зорлық-зомбылықтың белгілерінсіз ер адамның мәйіті табылды.Сараптама нәтижелері бойынша өлім механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болды.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


«Оныншы аймақ» іздестіру-құтқару жасағына жыл басынан бері 92 өтінім түскен. Волонтер Лариса Галкина 69 адамның аман-есен отбасына оралғанын айтады. Ал із-түзсіз кеткен 11 тұрғынның мәйіті табылған.12 адамнан әлі хабар жоқ.

Лариса ГАЛКИНА, ІЗДЕСТІРУ-ҚҰТҚАРУ  ЖАСАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 
Соңғы уақытта жасөспірімдердің жоғалуы жиілеп кетті. Өкінішке қарай кейбіреуінің мәйіті табылып жатыр.


Полиция хабар-ошарсыз кеткен тағы  бір жас жігіттің мәйіті  табылғанын хабарлады. Марқұмның денесінде зорлық белгілері бар дейді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ екі күн бұрын  колледждің екі  студенті жоғалып кеткен болатын. Жасөспірімдерді волонтерлар  Рудный қаласынан тапты.  

З. Санай