Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде, жұмысшы биіктен құлап көз жұмды. Қайғылы оқиға «Самал-3» ықшам ауданына қарасты нысанда болды. 25 жастағы жігіт ғимараттың 8-ші қабатына қауіпсіздік белбеуінсіз көтерілген. Кенет аяғы тайып, төменге құлаған.
Құрылысшы жәдел-жәрдем келгенше, жан тапсырыпты. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қандай да ақпарат беруге құлықсыз. Дегенмен қазір осы оқиғаға қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті. Олар жұмысшының биіктікке қауіпсіздік белбеуінсіз шыққанын растады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Ә. Лесбек