Русский Сайттың толық нұсқасы

5 мың теңге пара алып, 875 мың теңге айыппұл төледі

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2021
  • 1274

Елордалық шенеунік 5 мың теңге пара алып, 875 мың теңге айыппұл төледі. Материалдық сыйақы алып басы дауға қалған - әділет департаментінің қызметкері. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы айтты. Сондай-ақ, білім беру басқармасының жетекшісі жемқорлықпен ұсталған азаматты жұмысқа қабылдағаны үшін қызметінен қуылды. Оған қоса құқық бұзған шенеунікке 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.  Елімізде келер жылдан бастап  пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік күшейеді дейді құзырлылар. Ал жемқорлықпен сотталғандарды уақытынан ерте босату бабының күші жойылған.

Шыңғыс ҚАБДУЛА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қарамағандағы азаматтар жемқорлықпен ұсталса, мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің қызметтен кетуі бекітілді, жемқорлықпен ұсталған азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруына өмір бойына тыйым салынды.


А. Данияр