Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада бірінші рет оқушылар арасында жыр оқудан үлкен байқау өтті

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2021
  • 3131

Бүгін  Елордада 6  және 10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты  байқау өтті. Байқау  шарты бойынша қатысушылар   «Ер Едіге» жырын жатқа оқуы керек. Сайысқа қаладағы 4 ауданнан 200-ден астам оқушы қатысты. Олардың ішінен үздік деп танылған  12 жеңімпаз   республикалық сайыста бақ сынайды.   Шараның басты ұйымдастырушылары "Nur Otan" партиясы мен "Қазақ эпос" қоғамдық қоры. Жүлдегерлер мен  оларды дайындаған ұстаздарды қолдау мақсатында 50,100,150 мың теңгелік жүлделі сертификаттар табысталды.

Сұңқар ҚҰМАР, 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:


Байқауға дайындығым өте жақсы болды. Және осы байқау кезеңінде қиындықтар ондай қатты бола қойған жоқ.

Ғажденбек ТҰРСЫНОВ,  НҰР-СҰЛТАН қ. ӘКІМДІГІ "АСТАНА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бұндағы мақсат оқушылардың бойына қазақ эпосын, батырлар жырын насихаттау. Оқушылардың бойында қазақ тіліне, әдебиетіне деген сүйіспеншілікті  арттыру. Сонымен қатар  жалпы еліміздің тарихына шолу болып табылады.


А. Базарбай