Қарағандыда екі жүзден астам отбасы пәтер кезегінен шығып қалды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар аналар, мүгедектер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар республикалық бірыңғай тізімде жоқ болып шықты. Бұл -отбасылар енді жеңілдікпен баспаналы болу мүмкіндігінен айырылды деген сөз.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, «ШАҢЫРАҚ» КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұны білетін министрлік бар, неге олар адамдарды кіргізбейді. Көрдіңіздер ма? Ол адамдардың 10-15 жыл тұрған құқы ғой. Бей- жай қарап отыр. Цифрландырамыз деп жүріп, былшығын шығарамыз деп жүріп қылшығын шығарды. Яғни барлық базаларды бір жерге қосамыз деген кезде қаншама бір қаладан 250 адам болып тұр. Ал басқа аудандарда қаншама, басқа облыстарда қаншама. Ол белгісіз. Оны халық өзі білмейді. Халық мемлекеттен үй беріледі деп күтіп отыр.
«Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығы қазір 25 әйелдің құжатын өткізе алмай отыр. Олар жарты жыл бұрын «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы «Отбасы» банкінен небәрі 2 пайызбен ипотека рәсімдеуі тиіс еді. Енді олар мүмкіндіктен айырылды. Бұл мәселені құзырлы орындар біледі. Бірақ, әлі күнге дейін шешілмей отыр. Кезектен шығып қалған тұрғындар үкіметтен тиісті министрлікке тапсырма беріп, құжаттарын қалпына келтіруді сұрайды. Ал жергілікті әкімдік бірыңғай тізімнің қашан жаңартылатынын білмейді.
Әділ ӘУБӘКІРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
2020 жылы пәтер кезегінде тұрғандардың бірыңғай базасы құрылған болатын. Техникалық ақауларға байланысты кей тұрғындар оған кірмей қалыпты.Қазір түгендеп жатырмыз. Содан кейін олар бірыңғай тізімге енгізілетін болады.
А. Қуаш