Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ешкіммен жауласпайды және халықаралық дауларға килікпейді

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2021
  • 1151

Қазақстан ешкіммен жауласпайды және халықаралық дауларға килікпейді.  Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан Мемлекет басшысы  осылай деді.  Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықтың құндылығын атап өтті.  Қазақстан өзге мемлекеттермен  ортақ міндеттемелер аясындағы жұмыстарды  жалғастыра беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Даулы мәселелер туындаса ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз. Біз тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына  нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек. Өйткені, осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат.

А. Данияр