Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар жаңа жылды тойлауға 80 млн-нан астам теңге жұмсамақ

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2021
  • 3369

Павлодарда  биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 млн теңгеден астам қаражат  жұмсалмақ. Мемлекеттік сатып алу порталында екі бірдей лот жарияланған.  Бұған қаланы түрлі  диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған. Шаһар әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет  конкурс жариялап үлгерген.  

Салтанат ӘКІМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге  58 млн 240 мың теңге бөлінді. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылатын болады.  Бұдан бөлек 3 шыршаны әсемдеуге 16 млн. 600 мың теңге бөлінді.

Ал тұрғындар   мұны қомақты қаржыны босқа шашу деп санайды.  Мемлекет   қаржысын ысырап еткенше, оны пайдалы шаруаға жұмсамай ма дейді.

БЛИЦ:

-    Ысырапшылдықтың бір түрі. Осы ақшаға көп пайда келтіруге болады халыққа болсын, Ауылдық жерлерге болсын.

-    80 млн. деген артық ақша бір қарап тұрсаң. Оданда ковидпен ауырып жатқан балаларға көмектескен артық.

-    Трамвай жақсы жүргенмен автобустардың саны аз ғой. Сол себепті автобустың санын көбейтуге болады. Қыс кезінде халыққа өте пайдалы. Автобус жылдам келсе, аялдамада көп тұрмайсың өте жақсы болушы еді.


Ө. Қуанар