Бас қаладағы "Көктал" тұрғын алабында жер үй өртенді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Қазір мамандар мән-жайды анықтап жатыр.
Диас СЕРІКБАЙҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТЖД "САРЫАРҚА" АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Төтенше жағдай департаменті пультына Қарасу 11 көшесінде гараж жануы жайлы сигнал келіп түсті.Бірақ та өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытында, 2 этажды мансарлы үйде шатыры жанған екен.
Бүгін сондай-ақ, 18 қабатты "Европейский" тұрғын үй кешенінде де өрт шықты. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, төтенше жағдайға электр сымдарының ақауы себеп болған. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап үлгерген.
Еламан ТОЙЫМБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТЖД "САРЫАРҚА" АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Іште электро-шитовой жанған.Дәл уақытында келіп жеттік. Ең бастысы адамдар аман-есен, бәрін құтқарып алдық уақытында.
Б. Сатуов