Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 6 миллионнан астам тұрғынның банкке берешегі бар

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2021
  • 2035

6 миллионнан астам қазақстандықтың, банкке берешегі бар. Әрі бұған халықтың сұранысы да артқан. Оның ішінде тұтынушылық несие 32,8 пайызға өскен. Мұны Президент Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездесуде айтты. Ең алғаш рет өткізілген бұл кездесудің өзіндік мәні бар. Өйткені, халықтың осы салада қордаланып қалған мәселелері жетерлік. Өтеу мерзімі 90 күннен асқан қарыздардың деңгейі 4,3 пайызды құрайды, деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Азаматтарымыздың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау маңызды. Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы борышкерлерге коллекторлар тарыпынан көрсетілетін қысым мен шектен шығу әрекеттері кездесіп жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ несие мекемелерінің басшыларына ішкі рәсімдерді күшейту мәселесін пысықтауды, осындай фактілерге жол бермеу керектігін тапсырды.

А. Данияр