Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan"-да жолаушылар және жүк тасымалы мәселелері талқыланды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2021
  • 1434

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың жолаушылар және жүк тасымалын дамыту бағытындағы жұмысы көңіл көншітпейді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында айтылды. Қазақстан автомобиль конвенті президентінің айтуынша, заң жергілікті атқарушы органдарды тасымалдаушы компаниялардың шығындарын субсидиялауға міндеттегенімен, кейбір  өңірлерде бұл талап орындалмайды. Сондықтан тасымалдаушыларға айналым қаражаты жетіспей, көлік жүргізушілер мен механиктерге жалақы төлей алмай отыр. Үнемі маман тапшы. Ал автопаркті жаңартып алғандарға лизингтік төлемдерге ақша жетпейді дейді.

Марат БЕРҚАЛИЕВ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОМОБИЛЬ КОНВЕНТІ" ЗТБ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алдымен өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар автобустарды өз таңдауларымен сатып алды. Содан кейін әкімдіктер тасымалдаушыларды сол автобустарды ғана сатып алуға мәжбүр етті.   Петропавлда осындай жағдай болды. Сондай-ақ керісінше, автобустарды жекелеген тасымалдаушыларға кепілсіз берді. Мәселен, Шымкентте 590 Yutong  автобусының жартысы қалада газ құю станцияларының болмауына байланысты бір жылдан астам уақыт   босқа тұрды.


А. Базарбай