Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада автобус жүргізушісі жетіспейді

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2021
  • 2279

Елордадада  800-ге жуық автобус  жүргізушісі жетіспейді. Салдарынан қоғамдық көліктер арасындағы интервал ұзарған. Жолаушылар қоғамдық көлікті аялдамада ұзақ күтуге мәжбүр. Жүргізуші неге тапшы?  Мәселенің шешімі қандай? Тілшіміз Бекболат Сатуовтың материалында.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Автобусты жұрт   сағаттап та күтетін кездер  болады. Әсіресе, таңертең және кешке. Жұмысқа баратын, қайтатын уақытта  аялдамада дірдектеген тұрғындар бұл проблемадан әбден шаршағандарын айтады.

БЛИЦ:
 
-Күтіп қаламыз жарты сағатқа дейін, кейде 45 минутқа дейін.
-Кейбір автобустарды ұзақ күтеміз. Ұзақ күтіп қаламыз да 45 минуттан мысалы. Қыстыгүні қиындау кішкене.

 
Алдияр Доланбаевтың қоғамдық көлік тізгіндегеніне  15 жыл болған.  Оның айтуынша,  көшедегі ығы-жығы  қозғалыс  автобустардың жүрісіне кедергі келтіреді.  

Алдияр ДОЛАНБАЕВ,  АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Қазір мынау жеңіл машиналар жол бермейді бізге.Ешқандай жол бермейді. Тіпті алдыңа келіп тормоз беретіндері бар. Жұмысымыз өте ауыр жұмыс.Тағы төрттен тұрамыз. Қазіргі уақытта біз 15-16 сағат жұмыс істейміз.

Жұмыс ауыр болса да, жауапкершілік жоғары. Біз үшін ең бастысы адамдар қауіпсіздігі дейді Алдияр Доланбаев.  Дегенмен,  қоғамдық көліктердің  қатысуымен   жол апаттары да жиі болады.  Ішкі істер министрлігінің мәліметінше , биыл автобус жүргізушілерінің кінәсінен 87 жол-көлік апаты болған,  салдарынан 9 адам қаза тауып, 111 адам жарақат алған.

Науат АЗАНБАЕВА, «CTS» ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жүргізуші болуы үшін олар 5 жыл тәжірибесі болуы керек.  Адамдарды тасымалдау қоғамдық көліктерде.Сол үшін категория Д беріледі 25 жастан бастап.Ол өте жоғары талап деп санаймыз. Себебі бізге қазір жастар келмей жатыр.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Мамандардың айтуынша,    кадр тапшылығы елордада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде бар. Жүргізушіні жұмысқа алу талаптары өзгермесе, мәселе  шешілмейді дейді.   

Б. Сатуов