Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгіннен бастап елімізде 7 автожол ақылы болады

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2021
  • 1597

Бүгіннен бастап  еліміздегі бірінші санаттағы республикалық  автожолдың 7 бөлігінде жол ақылы болады. Олар- Нұр-Сұлтан - Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар,  Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент, Щучинск - Көкшетау  бағыты.  
Енді осы  қалалар арасында көлікпен жүрсеңіз ақы төлейсіз. Мысалы, "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша Жеңіл көлік – 380 теңге, Жүк көлігі (15 тонна) -  9380 теңге, Автобус (16 орын) – 1870 теңге  төлейді. Төлем жүйесі ашық түрде болады. Яғни ешқандай шлагбаум қойылмайды. Әр өткізу орнында сканер, камера бар. Олар көлік нөмірін, қозғалыс жылдамдығын және басқа да деректерді бақылайды.   

Ержан КИСИКОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қаржы жолдарды күтіп ұстауға және толық қызмет көрсетуге, қосымша арнайы техника сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, биыл орташа жөндеу және күтіп ұстау аясында "Павлодар-Нұр-Сұлтан" автожолына қосымша қар ұстайтын қоршаулар орнаттық. Бұл қыс мезгілінде қардың  аз түсуіне септігін тигізеді – деп ойламаймыз.

Ө. Қуанар