Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жаңа жылдық ұжымдық кеш өткізуге бола ма?

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2021
  • 1165

Балаларда екпе алғаны туралы вакцинация паспорты болмайды.  Ол туғаннан кейін берілетін жалпы егу кітапшасына жазылады. Денсаулық сақтау министрі осылай деді.  Сондай-ақ Алексей Цойдың айтуынша, елімізде антиваксерлер   азайған. Министрлік халықты вакцина алуға мәжбірлемейді, ол үшін ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде деді. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай жалғастырады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Жасөспірімдердің вакцина алғаны туралы мәлімет   оның туғаннан бері келе жатқан егу кітапшасына жазылады.  Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі айтты. Сондай-ақ, министр еліміздегі эпиджағдайдың   тұрақталғанын, дегенмен сақтық шараларын әлі де  қадағалау маңызды екенін атап өтті.

Алексей Цойдың айтуынша, елімізде вакциналау шаралары қарқынды жүріп жатыр, ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Pfizer вакцинасын алғандар арасында жағымсыз реакцияның айқын белгілері әзірге байқалмаған.   

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Балаларға вакцинация паспорты қарастырылмаған. Бірақ қай бала екпе алғанын жазып жатырмыз. Негізінде, туғаннан бастап егу кітапшасы бар. Коронавирусқа қарсы екпе де соған  жазылады.Ал  Ashyq тек үлкендерге ғана.  Ақылы түрде алғысы келгендер үшін Pfіzer вакцинасының бағасы  жақында  белгілі болады.  АҚШ препаратын салғызған жүкті әйелдер, емізулі аналар мен балаларда жеңіл өтуде. Әзірге кері әсері байқалған жоқ.

Сондай-ақ, министр Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенге «Спутник Лайт» вакцинасының тәжірибелік партиясы жеткізілгенін қазір оны өзімізде өндіру жағы қаралып жатқанын жеткізді. Көрші Ресейден  екпенің бұл  түрін әкелуге қатысты алдын ала келісім жүргізіп жатыр. Әзірге нақты мерзімі белгісіз деді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Ресей «Спутник Лайт» вакцинасын қанша көлемде ұсына алатынын  нақтылап жатырмыз. Себебі олардың ішкі нарығында да сұраныс бар. Ресей жағынан коммерциялық ұсыныс түсе сала, іске кірісетін боламыз. Бізге вакцина үлкен көлемде қажет емес, өйткені елімізде ревакцинация жүріп жатыр және оның өз кезеңі бар. Жалпы алғанда жаңа жылға дейін қайта вакцина алушылар үшін екпе көлемі жеткілікті.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Ведомство басшысы  журналистердің «елімізде жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма?» деген   сауалына да жауап берді.  Министрдің айтуынша, бұл орайда әр өңірдің бас санитар дәрігері аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қарай шешім қабылдайды. Негізі тамақтану орындары мен концерт залдарына кіруге болатын адам санын ескере  отырып, барлық ережелерді сақтап кеш өткізуге болады деді.


А. Базарбай