Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі бірдей облыстың малын ұрлаған барымташылар сотталды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2021
  • 1413

Шекаралас жатқан екі бірдей облыстың малшыларына маза бермеген барымташыларға сот үкім кесті. Батыс Қазақстан облыстық соты хабарлағандай, айыпталушы - төрт адам. Бірақ сот оларды қылмыстық топ ретінде қарастырмай, әрқайсысына бөлек шешім шығарған. Сотталушылар жергілікті тұрғындар, үшеуінің туыстық қатынасы болған. Олар жергілікті төрт-түлікті ғана емес, Атырау облысының да малдарын қолды еткен. Сотталушылардың үйінен, айғақ зат ретінде: сойылған мал еті, балта, пышақ секілді құралдар және мылтық, оқ-дәрі табылыпты. Олжалаған төрт түліктің 79 пайызы жайылымнан жоғалған. Әрі малын жоғалтқандардың кейбірі, бір жыл өткеннен кейін ғана полицияға шағым түсірген. Сот, ұрыларға 5 жылдан 7 жыл аралығында, бас бостандықтарынан айыру жазасын жариялады.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

БҚО Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының 23-қараша 2021 жылғы үкімімен сотталушылар мал ұрлығына байланысты кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына әртүрлі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу үшін барлық сотталғандарға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелері белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Е. Карин