Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте тендерден ұтқысы келгендерді сан соқтырған

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2017
  • 2608

Аңқау елге арамза молда. Шымкентте халықтың 300 миллион теңгесін қалтасына басқан адам ұсталды. Ол тендер ұтудан дәмелі болған 5 азаматтың ақшасын еншілеген. Ішкі істер департаментіне арызданған 32 жастағы азамат күдіктінің сенімге кіріп, 120 миллион теңгесін алдап алғанын айтқан.

Тергеу барысында ол бұл әрекетін 2014-2017 жылдар аралығында жүзеге асырып келгені анықталды. Сезікті бұған дейін «кепілде» жүрген. Тек соттың шешімін күтпей із суытқан оны полицейлер жарты жылдан соң ұстады. Әл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлері алаяқтық жасады деген Сағын Сейитжан есімді адамның тіпті суретін жариялап, оған алданғандар болса, хабарласуды сұранып отыр.

Нұрсұлтан Қансейітов, Әл-Фараби полиция бөлімінің аға тергеушісі:

Мемлекеттік бағдарлама арқылы жарияланған әртүрлі санаттағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша конкурсқа түсуге тілек білдірген жеке кәсіпкерлерге көмек көрсетуге және оның нәтижелі болуына алдын ала ақша талап етіп, осылайша қылмыстық жоспарларына сәйкес иемденген.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ