Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2021
  • 2064

Бүгін Мәжіліс депутаттары жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды ұсынды. Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, келер жылы ең төменгі жалақы 42 500 -ден 60 мың теңгеге, ал зейнетақы мен жәрдемақы 5% ғана артады. Бұл қазіргі нарық  бағамына сай келмейді дейді. Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталмыш мәселенің шешімін табуды қарастырмай жатыр деп атап өтті.   Халық қалаулысы мүгедектігі бар жандардың, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйде отырған аналардың, көпбалалы жанұялардың жәрдемақысын және ең төменгі зейнетақы мөлшерін көтеру керек деп санайды.

Ерлан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында министрлік әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап 5 процентке арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл көлем инфляцияның статистикалық өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды.

Депутат өскелең ұрпаққа қаражатты аямасақ, келешекте олардың елге сіңірер еңбегі мол болады дейді. Сондай-ақ, ол салалық министрлік халықты қорғау жолындағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін әлдеқашан жоғалтқан республикалық ұйымға айналғанын, және оның атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту керектігін айтты.

Ерлан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тұрғындардың кірісін арттыру ісі бойынша Үкіметтің шамасы келмей жатыр. Біз сіздермен көріп жүргендей халықтың кірісі өспей жатыр, жәрдемақы да сол күйі өспей тур, жалақы да көтерілмей тұр. Соған қарамастан нарықтағы бағам өсіп жатыр.

Д. Жарқынбек