Русский Сайттың толық нұсқасы

Кей әуе компанияларының басшылары ұшақтарының қайда кеткенін білмей жатады - Т.Әмірова

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2017
  • 2267

Кей әуе компанияларының басшылары ұшақтарының қайда кеткенін білмей жатады. Егер мұндай салақтық тоқтамаса, қатаң шаралар қолданылатын болады. Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы бас мемлекеттік авиациялық инспекторы болып жаңа тағайындалған Тоты Әмірова алғашқы өткізген жиынында бірқатар әуе компанияларының басшыларын қатаң сынға алды.

Тоты Әмірова, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының м.а.:

Жеңіл және аса жеңіл авиация саласында болған теріс оқиғалар дер кезінде айтылмай, жасырылып жатады. Соңында апат болып, адам шығынына әкелгенін білеміз. Сондықтан сіздерді жинап отырмыз. Үлкен компаниялармен аталған тақырып талқыланып мәмілеге келдік. Қателіктер болса, жауапкершілікке тартпауға тырысамыз, бірақ тәртіп бұзылса, әрине, оның сұрауы болады.

Еске салсақ, биыл 3 әуе апаты болып, адам өлімі тіркелді. Бас мемлекеттік авиациялық инспектор бұл қайғылы жайттардан сабақ алмай, ары қарай білгенін істегісі келетін компаниялармен әңгіменің қысқа болатынын ескертті. Қажет болса, аталған мекемелердің немесе нақты ұшқыштардың лицензиясы қайтарылып алынады,- деді ол.