Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Африкада коронавирустың ең қауіпті жаңа штамы анықталды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2021
  • 1844

Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штамы анықталды. Осыған орай Африканың 6 елімен әуе қатынасы тоқтады. Жаңа штамға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін шұғыл жиын  өткізбек. Қауіпті вирус Гаутенг провинциясында 77 адамнан анықталған.  Сондай-ақ, Ботсванада 4, ал Гонконгта 1 адам жұқтырған. Мамандардың айтуынша, жаңа вируста  32 мутация бар. Дельта штамына  қарағанда өте тез таралатын көрінеді.

Мачидисо МОЭТИ,  ДДСҰ-НЫҢ АФРИКА БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Әзірге мәлімет аз, бірақ біздің мамандар жаңа штам мен оның әсерін зерттеп жатыр. Штамның таралу қарқыны Дельтаға қарағанда жылдамырақ болуы мүмкін. Мутациялардың санына байланысты. Ботсванада жұқтырған науқастардың нұсқасы оның «өте кең» мутациялар жиынтығына байланысты алаңдаушылық туғызады.


Ә. Дүкембаева