Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген оқушы ауруханада көз жұмды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2021
  • 2208

Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7-сыныптың оқушысы ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер 12 жасар балаға  шұғыл көмек көрсеткенімен, ажалдан арашалай алмаған. Жеткіншектің  денсаулығының кенеттен  күрт нашарлауына не себеп болды?  Әріптесім Айзада Төребекқызы қайғылы жағдайдың жай-жапсарын анықтауға тырысты.

Кенеттен көз жұмған оқушы Шымкенттегі «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының» шәкірті. Бірінші ауысымда оқитын  7 Г сыныбының оқушыларында  екінші сабақ-дене шынықтыру болған. Пән мұғалімі  сабақтың бас кезінде- ақ бала  өзін жайсыз сезінгенін айтты.

Абу-Әли АҒАБАЕВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Балалар жүгіріп болғаннан кейін төрт қатармен тұрып балаларды разминкаға тұрғыздым. Сөйтіп разминка істеп болғаннан кейін біткеннен кейін жаңағы бала келіп Елнұр бала келіп маған : «ағай, жүрегім айнып жатыр. Клонкаға барып келсем бола ма ?» деді. Болады дедім. Бала шықты, артынша екі минут болған жоқ бала жаман боп жатыр деп сомен жүгіріп бәріміз.

Мектеп  медбикесі шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Сосын жедел жәрдем шақыртылыпты. Балада бұған дейін денсаулығына байланысты ешқашан  шағым болған жоқ дейді мектеп басшылығы.  Алғашқы көмек көрсетілген кезде жанында ата-анасының да  болғанын айтады.   

Аят ӘЛЖАНОВА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН № 1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН IT ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Ата-анасы тұрды. Біздің дәрігерлер көмек көрсеткеннен жанында болды+Бұл кезге дейін ешқандай денсаулығында ондай бір ерекше байқалмаған ондай белгілер. Бізге келген кездегі анықтамаларында денсаулығы жақсы деп берілген.

Директордың айтуынша, жеткіншек  бұл мектепке биыл  қыркүйекте ауысып келген.  Баланың тәртібі де, сабағы да жақсы болатын дейді. Оның ауруханада көз жұмғанын келесі күні анасынан естіпті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылған, реанимациялық көмек көрсетілген.

Лаура НАҚЫПҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел көрсетілген реанимациялық көмекке қарамастан бала сол күні сағат 16:30 дар шамасында көз жұмды. Балада қайтыс болғандағы болжамды диагнозы «жіті жүрек жетіспеушілігі, өкпенің және мидың ісінуі сондай-ақ, жүрек тамырларының кеңеюі.

 
Баспасөз хатшысының мәліметіне сүйенсек, 12 жасар бала ешқандай аурумен есепте тұрмаған. Қосалқы дерті де жоқ көрінеді. Өлімнің нақты себебі    сот -медициналық сараптамадан  кейін  белгілі болады.  

А. Төребекқызы