Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас депутаттар корпусы құрылды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2021
  • 2328

"Нұр Отан" партиясы депутаттар арасында рейтинг жүргізу жобасын іске асырмақшы. Бұл туралы "Парламенттік сайлаудағы елдердің тәжірибесі" атты халықаралық онлайн кездесуде Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов айтты. Оның сөзінше, халық депутаттардың жұмысымен танысып, маңызды мәселелер бойынша сұрақ-жауап ала алады. Осы мақсатта арнайы онлайн платформалар құрылмақшы. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар   жастардың өзара тәжірибе алмасуы  және жас депутаттардың  рөлі  туралы пікірлесті. Жиын соңында депутат Мәди Ахметов пен Ресей федерациясы мемлекеттік думасының депутаты Денис Кравченко жастарды қолдау бойынша бірлескен отырыс өткізу жөнінде  уағдаласты.

Бақдәулет ЖАНДІЛДАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ.МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елімізде алғаш рет жастарға арнайы квота бөлініп, жергілікті органдарға және де мәжіліске 20% квота бекітілген болатын. Қазір еліміз бойынша 616 жас депутат қызмет етуде. Осы 616 депутаттың басын біріктірген жас депутаттар корпусы құрылып, партияның сайлауалды бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс атқаруда.

Д. Жарқынбек