Русский Сайттың толық нұсқасы

4 мың литр дизель отынын заңсыз сатқан елордалық сотталды

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2021
  • 1667

Елордалық  азамат 4 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сатқан. Оны Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің мамандары анықтады. Қала тұрғыны Нұрсұлтан Мұқанов биыл қаңтар-маусым айларында  жүк көліктерінің жүргізушілерінен дизель отынын нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған. Артынша, оны ешбір   құжатсыз  жоғары бағамен саудалап отырған. Жедел іздестіру кезінде 4,6 тонна дизель отыны тәркіленді.    

Камила БАЙҚУАТОВА, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:
 
Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті дизель отынын заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Н.Мұқанов 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.


Д. Жарқынбек