Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде биыл тұрмыстық газ баллонымен байланысты 36 жағдай тіркелді

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2021
  • 1073

Елімізде тұрмыстық газ баллондарының дені ескірген және мерзімі өткен. Сондай-ақ  оларды заңсыз түрде,  автогаз құю бекеттерінде  толтыру дерегі азаймай отыр. Ал оны қадағалайтын  құзырлылар өз  міндетін дұрыс атқармайды. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтты. Оның айтуынша, жыл басынан бері газ баллондарының  жарылуы және газдан уланудың  55 жағдайы тіркелген. Салдарынан 86 адам зардап шегіп, 21 адам қайтыс болған. Олардың арасында балалар да бар.  

Мереке ПІШЕМБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Газ-ауа қоспасы жарылыстарының, тарсылдауының және тұтануларының 55 жағдайының 36-сы тұрмыстық баллондарды пайдаланумен және олардың ақауымен байланысты. Тұтынушылардың көбісі сонау кеңес заманынан қалған баллондарды пайдаланып, жақын тұрған автогаз станцияларында толтырып отырады. Бірақ заң бойынша ондай жерде газ толтыруға болмайды.

Б. Сатуов