Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласында да шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2021
  • 1864

Жаңа штамға байланысты Алматы қаласында да шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін. Шаһардағы санитар дәрігерлер осындай болжам жасады. Мамандар  жаңа вирустың жағдайды ушықтыру қаупі бар екенін айтады. Сондықтан тұрғындарды барынша сақ болуға  шақырады. "Омикронның"  қандай өзгешелігі бар? Әріптесім Әсем Лесбек анықтап көрді.

Коронавирустың жыры әзір  бітпейтін сияқты. Уақыт өткен сайын COVID-19 түрлі мутацияға ұшырап жатыр. Аурудың әртекті штамдары тіркелУДЕ. Қазір Оңтүстік Африкалық «Омикрон» штаммы әлемді әбігерге салып жатыр. Мамандар, алдыңғыларына қарағанда бұл вирустың тез жұғатынын, мутацияғада жылдам ұшырайтынын айтуда.  Оған қоса, Ковид-19-бен ауырғандар да «омикронға» шалдығуы әбден мүмкін дейді.

Әсел ҚАЛЫҚОВА, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Коронавирустың жаңа «омикрон» штаммы ауыр зардаптармен дерттің жаңадан өршуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан халықты, әсіресе қарттарды, созылмалы аурулары бар адамдарды, жасөспірімдерді, вакциналауды ұлғайту қажет. Тұрғындар карантиндік талаптарды барынша сақтануы қажет.


Әсел Қалықова Алматы «жасыл» аймақта болса да, арқаны кеңге салуға болмайды дейді.  Қалада соңғы аптада коронавирус жұқтырудың 641 жағдайы  тіркелген. Соңғы тәулікте 34 адамнан инфекция анықталған. Сондай-ақ  өңірдегі барлық медициналық мекемелер жаңа штаммен күресуге дайын  екенін айтты.

Тимур САЛИЕВ, Б. А. АТЧАБАРОВ АТЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Жаңа штамм белгілерінде жүрек соғысы жиілейді, бірақ дәм мен иіс сезу жоғалмайды. Алаңдататыны вирус тез тарап мен тез мутацияға ұшырайды. Оған вакциналардың күші жете ме ма жоқ па әзірге белгісіз. Зерттеулер жүріп жатыр.

Қала тұрғындары жаңа  штамнан айтралықтай қауіптенбейді.  Дәрігерлерге сенеміз дейді.  

БЛИЦ:

- Енді біраз адам шаршады, осы аурудан. В первую очередь медицина должна быть такая чтобы мы приходили, и мы знали, что за нашу жизнь что будет отвечать.

- Індетпен бір ауырып тұрдым. Қазір денсаулығым жақсы. Екпе жайында дәрігерлермен ақылдаспақпын. Қорқамыз әрине. Сақтану керек.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Мамандардың айтуынша, "Омикрон" штаммы коронавирустың бесінші толқынын туғызуы мүмкін.  Жаңа вирус қазір  жан-жақты зерттеліп жатыр. Ал қалада тұрығндардың жүріп-тұруға қатысты  қатаң шектеулер бола ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.  

Ә. Лесбек