Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа жылдық мерекелік кешке министрлердің дайындығы қандай?

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2021
  • 1970

Жаңа жылдағы ұжымдық кештерді өткізу туралы шешімді әр өңірдің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтты. Ал шенеуніктердің мерекеге дайындығы қандай? Сұрақты өздеріне төтесінен қойдық. Пандемияны ойлап әбден қажыған үкімет мүшелерінің кейбірі жоспар құрып қойса, кейбірі  әлі ойланып жүр екен. Бірақ   бір жарым жыл бойы шектеумен өмір сүрсе де ешқайсысы мерекені ұмытпапты. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов болса ұжымдық кештен бұрын, ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек, дейді.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Корпоратив өткізесіздер ме?

- Жоқ, корпоративті... Не өткізейін деп жатырсыңдар ма?


Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоқ ондайды біз әлі өзімізге жоспарлаған жоқпыз. Корпоративті өткізейін деп жатқан жоқпыз.

А. Данияр