Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда жұртты жалған ипотекамен үміттендірген қаржылық пирамида анықталды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2021
  • 2355

Солтүстік Қазақстанда жұртты жалған ипотекамен үміттендірген қаржылық пирамида анықталды. Алаяқтар «Шаңырақ +» бағдарламасы аяғында тұрғын үй алып береміз, көлік сыйлаймыз деп сендіріп, салымшыларды қызықтырған.  Бағдарламаға қатысу үшін әрбір тұрғын 103   доллар   жарна төлеген. Соңында  жер сипап қалған.  Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, аталған ұйым бұл заңсыз  әрекетін   Қызылжар өңірінде ғана емес,  бүкіл ел аумағында іске асырған.  

Виктория АЛПЕЕВА, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Компанияның талабына сәйкес салым жасаған әрбір адам қосымша таныстарын тартуы тиіс болған.  Бұл ұйымның жұмысында қаржылық пирамиданың белгілері анықталды. Олардың жұмысына қатысты   сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Бұл-биыл қаржылық пирамидаларға қатысты   қаралып жатқан алғашқы іс.

А. Құрманкин