Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте тағдыры ерекше әйел денсаулығына қарамастан Ана болу бақытын сезінді

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2021
  • 1880

Шымкентте тағдыры ерекше әйел, Ана атанды. 29 жастағы Зарета Құрманғожинова, бірінші топ мүгедегі. Оның аяқ қолдары туғаннан жетілмей қалған, сал ауруына шалдыққан. Бірақ бұл кемістігі өмірге деген құлшынысына кедергі бола алмаған. Мүмкіндігіне қарамастан талай шығармашылық байқауларда топ жарған. Ана болу арманына да қол жеткізіп отыр. Дені сау баланы дүниеге әкелген.

Зарета ҚҰРМАНҒОЖИНОВА, ЖАС АНА:

Өмірімнің мәні кіргендей. Енді  ұлымның жақсы азамат болып өсуі үшін барлық жағдайын жасаймын. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Босанарда  барлық әйелдердегі секілді менде де қорқыныш болды. Бірақ дәрігерімнің көмегімен аман-есен босанып алдым. Жоспарым  өте көп. Алла өзі сәтін салар деген үміттемін.


Айы-күні жеткен сәбидің салмағы -2 келі 980 грамм. Дәрігерлер Заретаның денсаулығына қарамастан балалы болуын батылдыққа балап отыр.

Лейла ҚАРАСАЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Баласыда жақсы, өзінің де жағдайы жақсы. Өте үлкен батылды келіншек деп айтсақ болады. Өзінің жағдайына, денсаулығына қарамастан ана болу арманын орындап, қиыншылықтарға төзе біліп өзінің ішкі психологиялық настройы дейді өте жақсы белсенді келіншек, сол себепті де отасы да асқынусыз болды.

А. Төребекқызы