Русский Сайттың толық нұсқасы

Велоспортшылар жаңа маусымға дайын

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2021
  • 1888

Елімізді әлем ареналарында танытып жүрген "Astana – Premier Tech" кәсіби велокомандасы енді жарыс жолына Astana Qazaqstan Team  атауымен шығады. Бұл туралы спортшылардың ресми тұсаукесерінде мәлім болды. Әлемдік турда 17-ші маусымды бастауға дайындалып жатқан команданың құрамын жаңарып, тіпті бұрынғы спортшылар да оралған. Жиында шабандоздар алдағы жоспарларымен бөлісті.

Әлемдік пелотонда өз орны бар команда да жаңа серпін пайда болды. Жаңа атау, жаңа құрам. Бұл Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұловтың пікірінше өте үлкен жетістік. Премьер-министр Асқар Маминнің ұсынысымен Astana Qazaqstan Team  деп өзгертіліпті. Команданың жаңа атауы спортшыларға жігер беріп, оларды жарыста қанаттандыруға сеп болады дейді. Сондай-ақ, аталмыш өзгеріс еліздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылғанын айтады.

Нұрлан СМАҒҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ВЕЛОСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тогқаевтың, саяси басшылардың және премьер-министрдің бізді қолдағандарына мен өте қуаныштымын. Мақтанамын. әрине, елбасыға ерекше алғысымды білдіремін.  Осыдан 17 жыл бұрын елбасының бастауымен осы "Astana – Premier Tech" командасын құрып берген еді.

Жаңа құрамда әлемнің 7 елінен келген спортшылар мен жас шабандоздар бар. Бұл жолы командадағы 29 спортшының, 10-ны қазақстандық. Ал, мамандар мұны елеулі еңбектің жемісі дейді. Сондай-ақ, жаңа маусымда командаға 23 жастағы Нұрберген Нұрлықасым - ең жас спортшы ретінде қосылды.
 
Нұрберген НҰРЛЫҚАСЫМ, "ASTANA QAZAQSTAN TEAM" КОМАНДАСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ:

Осы жылы чемпионат мирадан кейін Александр Николай және Нурлан Еркебуланович бізге келіп контракт ұсынды. Қатты қуандым. Таңқалдым. Бірақ сонда да неожиданноболды.

Қазір команданың 30 пайызын қазақстандықтар құраса, алдағы 7-8 жылда 50 пайызға жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, жаңа құрам Латын Америкада алғаш бақ сынайды. Ал қалған сайыстардың өтетін күні алдағы 2 аптада белгілі болады.

Александр ВИНОКУРОВ, "ASTANA QAZAQSTAN TEAM" КОМАНДАСЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Бірнеше мықты көшбасшылармен қош айтысқанымызбен деңгейі жоғары  шабандоздарды қатарға қостық. Команда жаңартылды, бірақ біз жанкүйер біліп үйренген «Астана» командасы болып қала береміз, бізді  әлем таниды.


Федерация президентінің айтуынша, пандемия - елімізде велоспорттан сайыстар өткізуге жалғыз кедергі. Әлемде кесел бәсеңдесе,  міндетті түрде ел болып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуға ниетті.  

Д. Жарқынбек