Русский Сайттың толық нұсқасы

Nur Otan Мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2021
  • 918

«Nur Otan» партиясының алаңында, мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгертулер енгізу ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысында көптеген заң бұзушылықтар талқыланды. Бұл жолы Алматы қаласы мен Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы сөз қозғалды. Комитеттің аумақтық органдары өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындыларының заңсыз күшін жойғаны белгілі болды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық факторлары негізінен білім беру, жер қатынастары, денсаулық сақтау салаларында байқалған. Жиналғандар мемлекеттік сатып алулар кезінде болған сыбайлас жемқорлық фактілерін жою мақсатында тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз үшін халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелері өте маңызды. Өйткені, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары, ең алдымен, адамдар өз мәселелерімен өте формальды түрде айналысқанда пайда болады. Жалпы, формализм мемлекетіміздің бүкіл құрылымын бұзуы мүмкін.


А. Базарбай