Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы мен президентіне шетел көшбасшыларының атынан құттықтаулар түсуде

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2016
  • 2952

Бүгін шетел мемлекеттерінің басшылары Президент атына құттықтау хаттарын жолдады. Олар Елбасын туған күнімен, сондай-ақ қатар келген қос мерекемен құттықтаған. Шетел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық серіктестікті нығайтудағы қажырлы еңбегін атап өтті. Түркия президенті Режеп Таийп Ердоған, Тәжікстан мен Қырғызстан, Башқұртстан мен Дағыстан басшылары да президент атқарған істер құрметке лайық деп бағалады. Еуразиялық экономикалық одақ ел басшылары да Нұрсұлтан Назарбаевтың тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

«ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді. Сізбен достық қарым-қатынасымыздың және Ресей-Қазақстан байланыстарының бүкіл ауқымын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен сындарлы жұмыстардың жалғасатынына сенемін.» 

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

«Сіздің бастамаларыңыздың арқасында Қазақстан интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелерінде де, әлемдік аренада да қуатты, серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде беделге ие болып отыр. Беларусь пен Қазақстан арасындағы жоғары деңгейдегі дәстүрлі диалогтың жалғасуы елдеріміздің бақ-берекесін арттыру жолындағы жемісті ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.»   

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА