Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылдың басынан Қазақстан арқылы тасымалданған транзиттік контейнерлер саны 1 миллионға жетті

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2021
  • 2136

Елімізде транзиттік тасымалда тарихи жетістік орын алды. Ақтау теңіз порты миллионыншы транзиттік контейнерін қабылдады. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап транзитті контейнерлік тасымал көлемі 4,5 есе көбейген. «Қазақстан темір жол» сарапшыларының болжамы бойынша,  бұл көрсеткіш қазақстандық транзиттік-көлік жүйесінің өсу әлеуетін айқын көрсетеді.

Қытайдың Сиань қаласынан миллионыншы жүк контейнері Алтынкөл станциясына келіп тоқтады. Тауар кең жолақты пойызға тиелген соң, Ақтау портына жіберілді. Одан соң Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанның Баку портына жеткізіледі.  17 күннен кейін Түркияның Мерсин қаласына жөнелтілмек.

Айбек ҚАПАР, «KTZ EXPRESS» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЛОГИСТИКА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚТЖ компаниялар тобы Қытай-Еуропа, Орталық Азия және ТМД елдерін байланыстыратын логистикалық желілерді құрып, дамытып үлгерді. Өндірістік қуаттардың, жеткізу мерзімдерінің және бүкіл ҚТЖ ұжымының қажырлы еңбегінің арқасында біз биылғы жылы транзиттік контейнерлік пойыздардың өте үлкен өсімін көрсеттік және 1 миллион транзиттік контейнер нәтижесіне қол жеткіздік.

Абай ТҮРІКПЕНБАЕВ, «АҚТАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Бұл өсім бізді және порт жұмысшыларын контейнерлерді қабылдау үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімізді кеңейту туралы ойлануға мәжбүр етеді. Біздің портта жыл соңында, біз 20 шақты фунтты, 27 мың контейнерді өңдейтін боламыз. Осының барлығы бізге, порт қызметкерлеріне болашаққа сеніммен қарап, дамуға мүмкіндік береді.


2026 жылдың соңына дейін ҚТЖ даму жоспары бойынша, порт 8 миллион тоннаға жуық жүкті ауыстырып тиеуге жеткілікті деп отыр.  «Қуатты өңірлер» ұлттық бағдарламасына Ақтау және Құрық порттары үшін жүк тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек контейнерлік торапты дамыту және салу да алдағы уақыттың еншісінде орындалмақ.

Ә. Дүкембаева