Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық тұрғын анасының өліміне себепші болған полицейге ауыр жаза сұрайды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2021
  • 1742

«Мас полицейдің кесірінен жол апатына түстік»,- деген оралдық Төрехан Бекжанов күдіктіге ауыр жаза тағайындауды  талап етіп отыр.   
Айтуынша,  жол  апатынан оның анасы қайтыс болған.  Бұл аздай әйелі жарақат алып, жеті айлық қызы аяғынан айрылған.  Бүтін  бір отбасы қазір ауруханада   жатыр.   

Лунара АМАНҒАЛИЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жүргізушіге қатысты қамауға алу, бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін "Орал-Тасқала" тас жолында екі көлік апатқа түскенін  хабарлаған едік. Көліктің бірін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары мас күйінде жүргізген. Оның мас болғаны анықталған соң, дереу қамауға алынды. Күдікті бұл  қызметте 20 жылдан бері жұмыс істеген.

Е. Карин