Русский Сайттың толық нұсқасы

"Омикрон" штамына қарсы вакцинаны 2 аптаның ішінде дайындаймыз, - К.Закарья

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2021
  • 1656

"Pfizer" вакцинасы "омикрон" штамына тойтарыс беретініне кепілдік жоқ. Ғалымдар екпенің індетке қарсы күші төмен екендігін айтты. Бұл вирустың алдыңғы штаммдарымен салыстырғанда 32 есеге аз екенін жариялады. Дегенмен, COVID-19 ауруының ауыр ағымы мен өлім-жітімнен қорғауға қабілетті, дейді. Ресейлік "Спутник V" препаратына да тексерістер басталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "омикрон" "дельтаға" қарағанда қауіпсіз екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, COVID-19-дың жаңа формасы науқастарда жеңіл әрі симптомсыз деген ақпарат таратты. Бұдан бөлек, отандық ғалымдар елге бұл штамм келсе, онымен күресуге сақадай сай отыр.

Күнсұлу ЗАКАРЬЯ, ҚР БҒМ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Қазақстанның ішінде сол штаммды институтқа беріп, табылатын болса онда біздер вакцинаны жаңартуға, "омикрон" штаммына  қарсы екі аптаның ішінде оңай істей аламыз. Дегенмен де өзгертпей де біздің "Qaz Vac" вакцинамыз өте жоғары көрсеткіштерді көрсетуде.


Елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Жағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында бірде-бір өңір қалған жоқ. "Сары" белдеуде: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер қауісіз аймақта.

А. Данияр