Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2021
  • 1548

Алматы облысы тәуелсіздікпен бірге өркендеп келеді. Барлық сала бойынша алға ілгерілеушілік бар. Бұл орайда әр салада еңбек етіп жүрген азаматтардың үлесі зор. Өңірге жұмыс сапарымен келген  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аймақтың қарқынды дамып, экономиканың артуына, халықтың әл-ауқатын көтеру жолында  ерен еңбегімен танылғандарға мемлекеттік наградалар табыстады.  

Сенат  төрағасы Мәулен Әшімбаев  Еліміздің 30 жылда қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.  Алматы облысында да оң өзгеріс көп. Аймақта ірі кәсіпорындар бой көтеріп, мыңдаған жұмыс орны ашылған.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
   
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық саясатының арқасында барлық сала жүйелі түрде дамыды. Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысы да өсіп өркендеді. Еліміздегі ірі индустриалды және аграрлы өңірлердің біріне айналды.

Сенат Төрағасы Президент атынан еліміздің және өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.    80-ге жуық адам марапатқа ие болды.

БИБІГҮЛ ТӨЛЕНҚЫЗЫ, ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ДАРДАМТЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Еңбек жолымды мұғалімдіктен бастағанмын.  Жас ұрпақты тәрбиелеумен шұғылданып, өзімнің отаныма, өзімнің еліме жас ұрпақты тәрбиелеумен үлесімді қостым.

ГҮЛНӘР НҮСІПОВА, АЛАКӨЛ АУДАНДЫҚ  М.ӘУБӘКІРОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Мен ұстаздық жолымда 40 жыл еңбек етіп жатырмын. 40 жыл еңбегімде көптеген жетістіктерге жетіп, бүгінгі таңда Әубәкіров мектебін басқарып отырмын.

Шара   патриоттық рухтағы концертпен түйінделді. Жиналғандар азаттықтың ақ таңы баянды болсын деп тарқасты.

Ә. Лесбек