Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ерекше балалар тегін демалды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2021
  • 1268

Елордада әлеуметтік осал топтағы отбасыдан шыққан балалар мен ерекше бүлдіршіндер  ойын-сауық орталықтарында тегін демалды. Бұл қайырымдылық шарасын "Жас отан" жастар қанаты "Кедергісіз келешек" жобасының аясында арнайы орталықтармен бірлесіп ұйымдастырған. 70-тен астам  бүлдіршін қуанышқа бөленіп, мәз-мейрам болды.  Мамандардың айтуынша, бұл балалар үшін  жыл сайын түрлі  іс-шаралар ұйымдастырылады.  Жаз айларында бүлдіршіндер теплоходпен және қала ішінде екі қабатты автобустармен экскурсияға шығады. "Жас отан" жастар қанаты жаңа жыл қарсаңында елордадағы ерекше балаларға арнап ойын-сауық шаралары мен арнайы сыйлықтарын әзірлеген.

Арысланбек МАҒЗҰМ, НҰР-СҰЛТАН қ. "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біздің негізгі мақсатымыз- балаларды қолдау. "Nur Otan" партиясы кедергісіз келешек жобасының аясында ерекше балаларды үнемі қолдайтынын білесіздер. Оларды назардан тыс қалдырмау керек. Бүгінгі шараны жыл сайын ұйымдастырамыз. Және осылай жалғасады деп ойлаймын.

Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар да  бүгінгі акцияға қуана қатысты. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз дейді олар. Және мұндай шаралар жиі болып тұрса деген ниет білдірді.

Индира БУРАБАЙҚЫЗЫ, АТА-АНА:
 
"Жас отан", "Нұр Отанға" рахмет, біздің балаларымызға осындай шара ұйымдастырғаны үшін. Ұйымдастырушыларға рахмет. Алдағы уақытта осындай мероприятиялар көптеу болсын.

Д. Жарқынбек