Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы коронавирустан құтылатын шығармыз,- министр

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2021
  • 1775

Келер жылы коронавирустан құтылатын шығармыз. Елдің бас дәрігері Алексей Цойдың осындай үміті бар. Қазір республика бойынша соңғы айда сырқаттану көрсеткіші 3 есе азайған. Бұл министрдің оптимистік сценарийімен дәл келеді. Ахуалды одан әрі жақсарту үшін тұрғындар індетке қарсы екпе алып, қайта вакциналаудан өту керек, дейді. Эпидемиологиялық ахуалдың бүгінгі жайын әріптесім Асылбек Данияр толығырақ тарқатады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Еуропа елдерінде пандемияны тежеу мүмкін болмай тұр. Соңғы екі аптада 54 елдің 19-ында індетке шалдыққандар күрт өскен. Денсаулық сақтау министрі, елде эпид жағдайдың тұрақты екенін айтып қуантып қойды. Ауруханаға түсетін науқастардың саны да азайыпты.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Жалпы Қазақстанда соңғы айда ауырған адамдардың саны 3,1 есеге азайды, стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23%-ды, реанимациялық төсектер 20%-ды құрайды.

Үкімет отырысы біткен соң Алексей  Цой коронавирустан қазақстандықтарға жағымды болжамын айтты. Бірақ оның орындалу-орындалмауы екі талай. Барлығы тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауына байланысты, дейді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Тіпті коронавирус уақытша. Мүмкін келесі жылы ауырғандар саны азайып, індеттен құтылатын да шығармыз.


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше " Pfizer" вакцинасын 190 мыңға жуық адам салдырған. Олардың басым бөлігі -жасөспірімдер.
Ал, жалпы 9 миллионға таяу тұрғын екпенің 1 -дозасын, 8 жарым миллион адам 2 -компонентті салдырған. Сондай-ақ 137 мың адам ревакцинация жасатыпты.

Сонымен бірге, қазір  емханаларда қайта екпе алуға тек "QazVac" вакцинасы ғана қолжетімді. Министр препараттарды таңдайтын тұрғындарға вакцинаны бөліп-жармайды сұрайды.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Барлығы вакциналар ғылыми тұрғыда дәлелденген және оны жасаушы елдермен мақұлданған. Ең бастысы, коронавирусқа қарсы екпелер тиімді. Біз оны сынақтан өткізіп көрдік.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Дегенмен ревакцинацияны насихаттап жүрген Алексей Цойдың өзі әлі қайта екпе алмапты. Қандай вакцинаны таңдарын әлі шешпедім, дейді. Бірақ, міндетті түрде үшінші вакциналаудан өтетінін айтты.


А. Данияр