Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 13 жастағы қызды иттер талап тастады

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2021
  • 2713

Атырауда 13 жастағы қызды төрт ит талап тастады. Жеткіншек ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, 2008 жылы туған қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.Толығырақ алдағы сюжетте.

Көркем Рамазанова қызыл іңірде   би үйірмесінен шыққан. Алайда үйге қайтар жолда төрт ит шабуыл жасапты. Қасындағы құрбылары қашып үлгерген.  Ал Көркемді қаңғыбас иттер  сау тантығын қалдырмай, талап тастаған.   

Гүлдана ҚАБАСОВА, ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:

Мынау масқара ғой. Ана жерде бір адам келіп құтқармағанда жағдай не болар еді.Өліп кетеді гой тіпті. Әкімдік қайда қарап отыр сонда? Қарамай ма мына иттерді. Ауылдың екі ортасында. Айдала болса екен бір.  

Ринат АБУОВ, АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Төрт ит жан жан-жағынан тартып жатыр. Ана қыз қызыл қан. Ұсқыны қаннан көрінбейді. Сосын мына жақтан машина келіп қалды, Азамат. Соған айттым «Мына қызды танисың ба?» деп. «Иә, ауылдағы Ришаттың қызы» деді. Алып кете қойшы дедім. Үйге барып машина айдап шығам дедім. Мен келмесем аналар жеп қоятын түрі бар.


Бұл жағдай ауыл тұрғындарын дүр сілкіндірді. Айтуынша, ауылда соңғы кезде қаңғыбас иттер қаптап кеткен. Солардың көзін құрту керек дейді.   

Мөлдір ҚАРАҚҰЛОВА, АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таңертең сағат жетіде балалар, ата-аналар шығады.Қасымызға үлкен адам алып шықпасақ мүмкін емес иттен. 14-тегі баланы жетектеп мектепке апара алмаймыз гой, кешке сағат 8-сегізде келіп алып кете алмаймыз. Әкесі-шешесі жұмыста жүреді. Кейбір ата-аналар емшектегі баламен шыға алмады үйден.

Жергілікті тұрғындарға басу айтқан әкім бұл мәселе біздің құзыретімізге кірмейді дейді. Әр үй өз итіне ие болса мұндай жағдай болмас еді деп ақталды.    

Нұрлан ҚАЛМУРЗИН, АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
 
Бұралқы ит мәселесі мынау қазіргі уақытты біздің әкімшіліктің құзырында емес, бұралқы итпен күресу мәселесі. Бізге бұралқы итпен күресу үшін қаржы бөлінбейді. Мәселе 2020 жылы ветеренария басқармасы бар. Соларға құзырды беріп жіберген.

Ал ветеринария басқармасы биыл 46 рет рейд жүргізілгенін айтады. 348 бұралқы ит атылған. Дегенмен, ата-аналар  оқыс оқиғадан кейін  балаларын мектепке өздері жетектеп әкеліп жүр.

Б. Сатуов