Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО құдықтың суын ішіп отырған Гончаровка ауылына таза ауыз су берілді

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2021
  • 1681

Солтүстік Қазақстанда өмір бойы құдықтың суын тұтынып келген Гончаровка ауылының тұрғындары тәуелсіздік күні қарсаңында таза ауыз суға қол жеткізді. Елдімекенде  небәрі 40 шақты үй бар. Халық осы уақытқа дейін ескі құдықтардың суын ішіп отырғандарын айтып, сан мәрте наразылық білдірген. Тіпті кей жағдайда  Есіл өзенінен су тасып ішуге мәжбүр болды.  Бұл түйткілді мәселе еліміздің ұлық мерекесі қарсаңында шешімін тапты.    2019 жылы жаңа магистральді құбыр  тарту үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген болатын, жоба мерзімінде аяқталып, жұрт орталықтандырылған     су жүйесіне қосылды. Көпшіліктің қуанышында шек жоқ.

Елизавета АНАСТАСЬЕВА, ГОНЧАРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылға су тартылып жатыр деп естігенде бірден кәрізге арналған құдық қазып, үйге техника алып қойдық. Міне, енді суды беріп жатыр.  Бірінші рет кір жуғыш машинамды қосып көрдім. Қуанышымда шек жоқ.


А. Құрманкин