Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда Қазыбек бидің ескерткіші ашылды

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2021
  • 3196

Түркістанда қазақтың біртуар қайраткері, тарихи тұлға –  Қазыбек би Келдібекұлының  ескерткіші орнатылды. Қазыбек би көшесіндегі «Қазыбек би» аллеясына қойылған тас тұғыр  мыстан құйылған. Биіктігі – 8 метр.  Авторы – танымал мүсінші, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Бексейіт Күзембеков. Игі іс «Қаз дауысты Қазыбек би» қорының демеушілігімен және Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.    

Қайыржан АЗМЕТБЕКҰЛЫ, ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ЖЕТІНШІ ҰРПАҒЫ:

Тәуелсіздіктің нәтижесінің арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз түрленіп жатыр. Міне Түркістан қаласы да қайта түрленіп жатыр. Ол да тәуелсіздіктің арқасы деп есептейміз. Бұл керемет шара. Мұндай ескерткіш мәңгілік тұрады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіздігіміз мәңгілік  болсын деп тілеймін!

А. Төребекқызы