Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2021
  • 3447

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті. Қайғылы жағдай облыстық спорт басқармасына қарасты Евразия спорт кешенінде орын алған. Оқушы кешенге анасымен келген, бірақ кешен қызметкерлері оны бассейнге кіргізбеген. Оқыс оқиға қалай болғаны әзірге белгісіз. Спорт кешенінде бейнебақылау камералары орнатылмаған.

Ақберген АБЫЛАЙХАН, ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР №4 МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Суға батқаны туралы әдіскерлерден хабар келді. Сол туралы алдағы уақытта ішкі істер органы жұмыс істеп жатыр. Өзімізде ішкі Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен  номері 4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған жасөсіпірмдер мектебі қазір ішкі комиссия құрып, алдын алу шараларын қолданып жатырмыз.  

Полиция қайғылы жағдайға жол бергендерді анықтамақ.  Қажетті сот-сараптамаларын тағайындап, кешенді тексеруді бастап кетті.  

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен және 306-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Д. Жарқынбек