Биыл Қостанай облысынан 6 мыңнан астам адам қоныс аударған. Оның екі мыңнан астамы өзге елге көшіп кетіпті. Көші-қон мәселесі Тобыл өңірінде ғана емес, еліміздің шығысы мен солтүстігінде де алаңдатарлықтай. Ұлттық статистика бюросы халық саны азайған аймақтарды атады. Толығырақ тілшіміз Заңғар Санай айтады.
Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:
Жыл басынан бері Қостанай облысына 4627 адам қоныс тепкен.Бұл былтырғымен салыстырғанда 11 пайызға аз дейді мамандар.Ал Тобыл өңірінен басқа аймақтарға немесе өзге мемлекеттерге көшкендер саны тоғыз мыңнан асады. Оның 2854-і шетел асқан.
Аймақ тұрғындарының саны он айда 9423 адамға азайған.Оның ішінде көші-қоннан бөлек, өлім-жітім де бар. Дегенмен, Ұлттық статистика бюросының өкілдері өзге өңірлер мен басқа елдерге көшкендер саны биыл көбейгенін айтады.
Мира ЖАҒЫПАРОВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,7 пайызға азайды және 4034 адамды құрады. Кеткендер саны 4 пайызға артты 6569 адам.
Көшіп жатқандардың көбісі экономикалық-әлеуметтік жағдайын бірінші орынға қояды.Сол тұрғыдан қолайлы жаққа қоныс аударады, дейді демографияны зерттеп жүрген мамандар.
Серікжан ИСМАЙЫЛОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
Ең біріншіден экономикалық себептері.Екіншіден кейбір адамдар олар осы өз отанына көшіп қону негізгі себептері болып саналады.
Елдің шығысы мен солтүстігінде халық саны азайса, Алматы, Шымкент , Нұр-Сұлтан шаһарына қоныс аударушылар керісінше көбейіп жатыр.
Маңғыстау мен Қызылорда, Ақтөбе , Атырау, Жамбыл облыстарында да халық өсімі бар.
З. Санай