Русский Сайттың толық нұсқасы

Салықтық тексерулерді қайта қарау қажет - Е.Тоғжанов

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2021
  • 1047

Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасы, бизнестің жұмысын шектеуге емес, коронавирустың таралуын тежеу үшін енгізілгенін айтты. Ол, сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті жіберген хаттарды заңсыз деп атады және оларды кері қайтарып алуды тапсырды. Айта кетейік, шағын бизнес өкілдері тарапынан тапсырылған салық түбіртектері мен Ashyq қосымшасы арқылы өткен адамдардың саны бір-бірімен сәйкес келмейді деген шағымдар түскен. Жиында бұл өз кезегінде міндетті нормативтік негізге ие емес екендігі айтылды.

Б. Сатуов