Русский Сайттың толық нұсқасы

Далада шіріп кеткен пияз ауыл тұрғындарының тынысын тарылтып отыр

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2021
  • 1934

Жамбыл облысы Байзақ ауданы халқы көгерген көкеністің иісіне тұншығып отыр. Жүздеген тонна пияз жиналмай далада қалып, шіріп кеткен. Жергілікті тұрғындар пияз алқабының көлемін 300 гектарға жуықтайды дейді. Алқаптың қожайыны қайда? Көкеніс неге жиналмаған? Сауалдарға жауап іздеген әріптесім Берік Жұмабай, тынысымыз тарылды деген бұқарамен тілдесіп келді.

Шынымен шаруалардың жаз бойғы есіл еңбегі еш кеткен. Шашылып жатқан мына пиязды жұмысшылар уақытында жинап үлгермеген. Далада қалған өнімді, күзде жергілікті тұрғындар өздері жинауға тырысқан. Бірақ үлгермепті.  

Арғынбек ДӘУЛЕТОВ, БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылдың жігіттері алып кетті, машинамен, КамАЗ-бен ала алғандарынша. Ең соңында ала алмай да қалды.

Бұқара иістенген пиязды жылдамдатып жинап, қоқыс алаңына әкетсін деп отыр. Қазірдің өзінде жағымсыз иіс ауаны ластап жатыр дейді. Күн жылына келе дем алудан қаламыз ба деп алаңдайды.

Ғалия ӘЛИХАНОВА, БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді ол сасып жатқан табиғатты құртады ғой, оны алу керек, тазалау керек. Адам жалдау керек шығар оған. Қазір енді күні жылы алдаңғы уақытта не болатын білмейміз. Әкімдік енді кішкене қолға алу керек қой.  

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жиналмай қалған аумақтың 300 гектарды құрайтынын жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, биыл ол маңдағы 40 гектар аумаққа пияз егілген. Соның 10 гектарынан астамы далада қалып қойыпты. Ал, қожайыны қазан айында коронавирустан қайтыс болғанын жеткізді.

Нұрсұлтан АҚЖОЛОВ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол жерде бәрі аяқ-асты болып кетті. Біріншіден ол кісінің басқарып жатқан қызметкерлері жинауы тиіс еді. Сақтау қоймасына тасымалдап жатқан етін. Екі ортада жаңағыдай орын алған соң, тасымалдап үлгере алмай уақыт созылып кетті.


Қожалық иесінің бауыры бұл жағдайдан хабардар. Бірақ уақытысында жинауға мүмкіндік болмады. Ағасының артынша өзі ауырып қалғанын айтты. Жақын күндері алқаптағы бұзылған көкеністі тазартамыз деп отыр.

Б. Жұмабайұлы