Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 1 млн теңге ауызбастырық алған шенеунік айыппұл төлеп, жазадан құтылды

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 1586

Түркістан облысында  аудан әкімінің білдей орынбасары алаяқтық жасағаны үшін істі болды. Бәйдібек ауданы әкімінің экс -орынбасары Айкен Теміров 1 млн теңге парамен ұсталған. Шенеунік бұл сомманы ауданның «Фронт-офис» кеңсесінің құрылысына қаржы бөлдіремін деп құрылыс компаниясынан ауызбастырық ретінде алған көрінеді. Соттың дерегінше,  2015 жылдан бері осы креслода  отырған шенді санаулы сағат өтпей сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің құрығына іліккен. 42 жастағы экс-шенеунік  4 ай үй қамақта отырды. Сот бұрынғы әкім орынбасарына бүгін үкім шығарды. Ол айыппұлмен құтылмақ.  

Алпысбай НӘЛІБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Темірдің  күзетпен ұстауда отырған және үй қамақта отырған уақыты үшін 1 млн 429 мың 330 теңгесін айыппұл жазаны өтелген мерзімге есептеп, оған 13 млн 570 мың 670 теңге айыппұлды өтеуге деп  белгіленсін. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін Темірге тағайындалған айыппұлды төлеу үшін екі ай мерзім айқындалсын.

А. Төребекқызы