Русский Сайттың толық нұсқасы

«Biz Birgemiz» қозғалысы елордалық 800 ерекше балаға жаңа жылдық сый жасады

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 954

Елордалық 800 мүмкіндігі шектеулі  балаға жаңа жылдық сый жасады.  Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  200 ерекше балаға  "Жаңа Жылдық ертегі" ертеңгілік  шарасы өтті.  Шараға Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясынын фракция мүшесі Ғабит Сатмағанбетовтің жеке қоры бас демеушілік көрсетті.  Сондай-ақ, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Жарқынай балаларға Disney мультфильмдерінің әндерін қазақ тілінде шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  Онан бөлек балаларға арнайы қойылым көрсетіліп,  ата-аналарға  ақ дастархан жайылды. Ал денсаулығына байланысты шараға қатыса алмаған  600 балаға  сыйлықтар үйге жеткізіледі.

Нәзгүл ҚОЙШУАҚОВА, АТА-АНА:

Сондай бақытқа кенеліп жатырмыз. Сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Біз біргеміз,партияға, акиматқа алғысымыз шексіз.

Ә. Дүкембаева