Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халық алдында ашық есеп берді

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2016
  • 1770

Елімізде салафизм бағыты түбегейлі бұғатталуы мүмкін. Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі осы бағатта бірқатар маңызды шараларды қолға алып отыр. Бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халық алдында есеп берген жиынында осындай ақпармен бөлісті. Әйтпесе өзге ел алдында Қазақстанның беделіне нұқсан келмек.

Сыртқы істер министірінің сөзіне қарағанда, қауіпсіздік кеңестің қатарына барлық құрылым күштері тартылған. Айта кетсек, бұл Ерлан Ыдырысовтың министр лауазымын атқарған 4 жыл ішінде алғаш ел алдына шығып, есеп беруі. Онлайн режимде 14 облысқа қосылған. Қауіпсіздіктен бөлек, экономика, инвестиция тарту, визалық жүйе, сандық дипломатия, елшіліктер, ЭКСПО сынды салаларда да атқарылған жұмыстар кеңінен тарқатылды.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Терроризмге қатысты айтар болсам, халықаралық БАҚ жазып жатты, бұл Қазақстанда бола бермейтін жағдай деп. Бұл жерде - ішкі қауіпсіздік өте маңызды. Құзырлы орындар да жақсы жұмыс істеді. Сондықтан саяси беделімізге ешқандай нұқсан келген жоқ. Қазір экономикалық-инвестициялық жұмыстар бойынша келісімдер артып жатыр.

Құралай ПИОНЕР